Спикерлер

Кристин Лагард

Халықаралық Валюта Қорының Басқарушы директоры

Білімі: Батыс Париж университеті – Нантер-ля-Дефанс, Aix-en-Provence Institute of Political Studies.

Өзінің қызметін «Baker McKenzie» - де адвокаттықтан бастады. Серіктес болды, содан кейін компанияны басқарды (1981-2004).

Саяси қызметін Францияның Сыртқы сауда жөніндегі министр-делегаты (2005-2007), одан әрі – Францияның ауыл шаруашылығы және балық аулау министрі (2007-2008), Францияның Экономика, өнеркәсіп және жұмыспен қамту министрі (2008-2011) болып бастады.

2011 жылдан бастап Халықаралық Валюта Қорының Басқарушы-директоры қызметін атқарады.

Financial Times (2009) журналының нұсқасы бойынша Еуроаймақтағы ең үздік Қаржы министрі атанды. Ұзақ уақыт бойы Forbes (2011-2016) нұсқасы бойынша әлемнің ең ықпалды әйелдерінің топ-10-ына кірді.

Демеушілер мен серіктестер