Спикерлер

Пол Ромер

Нью-Йорк университетіндегі экономика профессоры, Дүниежүзілік банктің бас экономисі (2016-2018), 2018 жылғы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты

Білімі: Чикаго университеті, физика саласы бойынша бакалавр, экономика саласы бойынша доктор атағы бар.

2016 жылдың маусымында Пол Стерн атындағы мектептегі экономика профессоры қызметінен кетіп, Дүниежүзілік банктің бас экономисі мен аға вице-президенті қызметіне ауысқан болатын. Бұған дейін ол Стэнфорд университетінің бизнес мектебінде экономика профессоры және Стэнфорд Халықаралық даму орталығының мүшесі, Стэнфорд Экономикалық саясатты зерттеу институты және Гувер институтының мүшесі, сонымен қатар, Жаһандық экономикалық даму орталығының ғылыми қызметкері қызметін атқарған.

2018 жылы экономика ғылымдары бойынша «технологиялық инновациялар мен ұзақмерзімді макроэкономикалық анализдегі интеграция үшін» берілген Нобель сыйлығын Уильям Нордхауспен бөліскен болатын. 1997 жылы Time журналының нұсқасы бойынша Америкадағы ең беделді 25 адамның қатарына кірген, 2002 жылы экономика бойынша Хорст Клаус Ректенвальд жүлдесін иеленген. Foreign Policy журналының нұсқасы бойынша «2010 жылдың 100 ойышылдарының» бірі ретінде таңдалды.

Демеушілер мен серіктестер АЭФ-2019