Жаңалықтар

2019 жылғы 16-17 мамырда он екінші Астана экономикалық форумы болады

Қазақстан Республикасының елордасы жетекші халықаралық сарапшыларды, Нобель сыйлығының лауреаттарын, іс басындағы және бұрынғы мемлекет басшыларын, саясатшыларды, экономистерді, ғалымдарды, бизнесмендерді, Fortune 500 тізіміндегі компаниялардың басшыларын, әлемге аты әйгілі мәдениет қайраткерлерін күтеді.

Биылғы жылы EXPO Конгресс-орталығында және Hilton Astana қонақ үй кешенінде өтетін АЭФ-2019 форумына 3 мыңға жуық адам қатысады. Солардың жартысы – әлемнің 100-ден астам елінен келген шетелдік делегаттар. Бүгінгі таңда өздерінің қатысатындықтарын растаған халықаралық қонақтар:

Пол Ромер, Экономика бойынша 2018 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Дүниежүзілік банктің бас экономисі (2016-2018);

Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының әкімші-директоры;

Стэнли Фишер, АҚШ Федералдық резерві Төрағасының орынбасары(2014-2017);

Ханс-Пол Бюркнер, The Boston Consulting Group директорлар кеңесінің төрағасы;

Хань Чжэн, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, Шанхай мэрі (2003-2012);

Рае Квон Чунг, 2007 жылғы әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты, Инчхон мемлекеттік университетінің (Корея Республикасы) құрметті профессоры.

АЭФ-2019 форумына осындай белгілі саясатшылар мен сарапшылардың қатысуы — іс-шараның өзіне қызығушылықтың арта түскендігінің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар, ашық диалог пен өзара ынтымақтастыққа даярлықтың белгісі.

XII Астана экономикалық форумының басты тақырыбы Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар болмақ. Іс-шараға қатысушылар мен жетекші сарапшылар елдердің экономикаларындағы, әлеуметтік саладағы, digital-технологиялардағы, өндіріс пен тұтынудағы қарқынды және түбегейлі өзгерістерді, сондай-ақ көз алдымызда болып жатқан төртінші өнеркәсіптік революцияға технологиялық көшуді талқылайды.

Қатысушылар үшін тіркеу форум сайтында(forum-astana.org) ашылып қойды.

 

Форум туралы

Астана экономикалық форумы – Еуразияның жыл сайынғы орталық іскерлік оқиғасы.

11 жылдық жұмысында Астана экономикалық форумы (АЭФ) әлемдік экономика мен қаржы жүйесін сауықтыру және дамыту мәселелерін талқылауға арналған ең ықпалды халықаралық алаңдардың бірі мәртебесіне ие болды. Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегат қатысты, олардың арасында 20-дан астам Нобель лауреаты мен 30-дан астам жоғары деңгейдегі шетелдік саяси қайраткер бар.

Конгресс аясында 20 млрд. АҚШ долларынан асатын сомаға 300-ден астам меморандум мен келісім жасалды.

АЭФ тақырыптамасы жыл сайын өзектілендіріледі және жалпы әлемдік даму проблемалары мен міндеттерінің кең ауқымын қамтиды, сондай-ақ талқылаулардың кең ауқымы үшін координаттарды белгілейді.


Баспасөз хабарламасы

24 мамыр
АЭФ-да төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі қалалар қалай өзгереді?
Толығырақ
24 мамыр
G-Global: әйелдер мен жастарға әлемді құтқаруға мүмкіндік беріңіздер
Толығырақ