Жаңалықтар

ХВҚ басшысы Кристин Лагард АЭФ-2019 жұмысына қатысады

Халықаралық валюта қорының әкімші-директоры және Financial Times журналының нұсқасы бойынша еуроаймақтағы ең үздік қаржы министрі (2009)Кристин Лагард өз жұмысын 16 мамырда бастайтын XII Астана экономикалық форумында спикер ретінде сөз сөйлейді.

Кристин Лагард ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің басшылығымен өтетін «Жаңа экономика және инвестициялар үшін Қазақстанның өсе түскен әлеуеті» пленарлық отырысына қатысады.

АЭФ форумына қатысатындықтарын сондай-ақ басқа да көрнекті экономистер, саясатшылар мен бизнесмендер: Экономика бойынша 2018 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Дүниежүзілік банктің бас экономисі (2016-2018) Пол Ромер; АҚШ Федералдық резерві Төрағасының орынбасары (2014-2017)Стэнли Фишер; БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Салсия Алишахбана; The Boston Consulting Group директорлар кеңесінің төрағасы Ханс-Пол Бюркнер; Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, Шанхай мэрі (2003-2012)Хань Чжэн және т.б. растады.

Биылғы жылы форумда бүкіл әлем бойынша табыс деңгейін анықтайтын негізгі факторлардың бірі ретіндегі адами капитал, жаһандану жағдайындағы қалалардың бәсекеге қабілеттілігінің арта түскен ролі, өндірісті, тұтынуды және жаһандық экономиканың бизнес-үлгісін түбегейлі өзгертетін төртінші өнеркәсіптік революция мәселелері талқыланады.

Кристин Лагард

Білімі: Батыс Париж университеті – Нантер-ля-Дефанс, Aix-en-Provence Institute of Political Studies.

Өз қызметін «Baker McKenzie» компаниясында адвокат болып бастады. Серіктес болып, кейіннен компанияны басқарды (1981-2004).

Саяси қызметін Францияның сыртқы сауда жөніндегі министр-делегаты (2005-2007) болып бастап, кейіннен Францияның ауыл шаруашылығы және балық аулау министрі (2007-2008), Францияның экономика, өнеркәсіп және жұмыспен қамту министрі (2008-2011) болды.

2011 жылдан бастап Халықаралық валюта қорының әкімші-директоры лауазымын атқарады.

Ұзақ уақыт бойы Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең ықпалды 10 әйелінің қатарына енді (2011-2016).


Баспасөз хабарламасы

24 мамыр
АЭФ-да төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі қалалар қалай өзгереді?
Толығырақ
24 мамыр
G-Global: әйелдер мен жастарға әлемді құтқаруға мүмкіндік беріңіздер
Толығырақ