Жаңалықтар

Ертең XII Астана экономикалық форумы өтеді

Ертең Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында XII Астана экономикалық форумы басталады.Тақырыбы «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар». Форум жұмысына әлемнің 74 елінен сарапшылар, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысады. Тіркелген делегаттардың жалпы саны 5 492 адамды құрады.

АЭФ-2019 шетелдік және қазақстандық БАҚ тарапынан да үлкен қызығушылық тудырды, олардың саны 30 елден 710-нан астам өкілден асты. Euronews журналисті Штефан Гробе (Stefan Grobe), сондай-ақ CNN тілшісі Джон Дефтериос (John Defterios) форум аясында кейбір сессияларды жүргізетін болады.

Форумға қатысатын шетелдік қонақтар : Халықаралық Валюта Қорының Басқарушы директоры Кристин Лагард (Christine Lagarde), Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн (Han Zheng), Армения Республикасының Президенті Армен Саркисян (Armen Sarkisyan), Nokia Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаа (Risto Siilasmaa), экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (2018), Дүниежүзілік банктің бас экономисті (2016-2018) Пол Ромер (Paul Michael Romer) және басқалар.

Барлық сарапшылар форумның маңыздылығын жоғары бағалауда. Кристин Лагардтың айтуынша: «Проблемаларды шешу және неғұрлым жоғары және инклюзивті өсуге қол жеткізу үшін әлем негізді ішкі саясатқа қосымша тығыз халықаралық ынтымақтастықты қажет етеді. Астана экономикалық форумы сияқты іс-шаралар өңірлік ынтымақтастыққа арналған платформа болып табылады».

АЭФ-2019 теңдесі жоқ болып табылады. 12 жыл ішінде алғаш рет оның қабырғасында екі күн ішінде 50-ден астам сессия мен іс-шаралар өтеді. Форум тарихында алғаш рет студенттер мен жастар іс-шараға тегін қатысуға мүмкіндік алады. Олар үшін арнайы формат – AEF Talks әзірленген. Онда Нобель сыйлығының лауреаттары мен саяси қайраткерлермен ашық дәрістер мен кездесулер қарастырылған.

«Астана экономикалық форумы біздің өміріміздің және халықаралық деңгейдегі көшбасшылардың пікірін тарататын аса маңызды платформалардың біріне айналды. Мен форумға қатысушылармен қарым-қатынас жасауға, Тұрақты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің жан-жақты қамтитын шеңбері аясында инклюзивті өсуден, ақылды қалалардан, техникалық прогресстен және өңірлік ынтымақтастықтан бастап өңірлік және жаһандық саясат мәселелері бойынша идеялармен алмасуға мүмкіндігім болады деп үміттенемін.», – деп түсіндірді Армида Салсия Алишахбана (Ms. Armida Salsiah Alisjahbana), Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АТМЭӘК) атқарушы хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік, АЭФ-тың басты мақсаты – жаһандық үрдістерді зерттеу және Қазақстан дамуының практикалық саясатын жасау үшін экономикалық саясат пен ғылым саласында тәжірибе алмасу алаңын құру болып табылады.

 

Форум жайлы

 

Астана экономикалық форумы Еуразиядағы жыл сайынғы орталық іскерлік іс-шара.

11 жыл ішінде Астана экономикалық форумы (АЭФ) әлемдік экономика мен қаржы жүйесін жетілдіру және дамыту мәселелерін талқылауға арналған ең беделді халықаралық платформалардың бірі ретінде мәртебеге ие болды. Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегаттар, оның ішінде 20-дан аса Нобель сыйлығының лауреаттары және 30 жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлері қатысты.

Конгресс аясында 20 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға 300-ден астам меморандумдар мен келісімдер жасалды.

АЭФ тақырыбы жыл сайын жаңарып отырады да жаһандық дамудың көптеген мәселелері мен міндеттерін қамтиды, сондай-ақ пікірталастың кең ауқымы үшін жол құрайды.

 

 

 


Баспасөз хабарламасы

28 мамыр
Бақыт пен амандық - бұл елдердің басты мақсаты
Толығырақ
28 мамыр
Армида Салсия Алишахбана: Экономикалық бірігу: тұрақты дамудың қозғаушы күші
Толығырақ