Жаңалықтар

Армида Салсия Алишахбана: Экономикалық бірігу: тұрақты дамудың қозғаушы күші

Астана экономикалық форумы біздің өңіріміздің және халықаралық деңгейдегі көшбасшылардың пікірін тартатын аса маңызды платформалардың бірі болды. Әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшылары осы аптада Астана экономикалық форумында жиналды. Олардың назарында Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы Күн тәртібі және оның Қазақстан мен Орталық Азиядағы экономикалық өсу мен әлеуметтік дамуының ұзақ мерзімді стратегияларын қалыптастыруға ықпал етуі. Халықаралық озық әдістер мен практикалық шешімдерді қарау кезінде біз бір ұзақ мерзімді мақсатты есте сақтауымыз қажет, ол: Орталық Азия мен тұтастай алғанда өңір арасындағы экономикалық интеграцияны тереңдету. Бұл тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу жолындағы прогресті жеделдетудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Өз активінде өз экономикасын реформалау мен жаңғыртудың, орнықты даму проблематикасын өзектілендірудің және тікелей шетелдік инвестицияларды табысты тартудың ауқымды тәжірибесі бар Қазақстан бұл қызметке салмақты үлес қоса алады.

Бұл үлес маңызды, себебі біздің талдау өңірге тұрақты дамуға қол жеткізу бойынша өз күш-жігерін айтарлықтай жандандыруы қажет екенін көрсетіп отыр. Азия-Тынық мұхиты өңірінде кедейшілікті жою және жалпыға бірдей білім беру ісінде прогреске қол жеткізді. Құны бойынша қолжетімді экологиялық таза энергияны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдануда. Алайда, ағымдағы динамиканы ескере отырып, өңір тұрақты даму саласындағы барлық 17 мақсатына жету үшін көп күш-жігер жұмсауы қажет. Бұл Орталық Азияға да қатысты, онда орнықты даму саласындағы 8-мақсатпен көзделгендей, гендерлік теңдік саласындағы жағдайды жақсарту, тұрақты қалалар мен қоғамдастықтар салу және лайықты жұмыс пен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажет. Өңірлік экономикалық интеграциясы осы міндеттерді шешудің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазақстан халықаралық нарықтардағы қаржылық және экономикалық дағдарыстарға қарамастан, ұзақ уақыт бойы осы мақсатқа қол жеткізуде өзінің адалдығын көрсетті. Экономика мен қоғамдық өмірді цифрландыру жүріп жатыр және де "Бизнестің жол картасы" және "Жұмыспен қамту бағдарламасы" сияқты негізгі бағдарламалар енгізілуде. Неғұрлым жетілдірілген көлік инфрақұрылымымен және бүкіл Солтүстік және Орталық Азия бойынша сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі шаралармен нығайтылатын неғұрлым терең экономикалық интеграция жыл сайынғы тұрақты өсуге қол жеткізуге және білімнің әртараптандырылған экономикасын қалыптастыруға бағытталған "Қазақстан–2050" Стратегиясын іске асыруға жәрдемдесуі мүмкін. Бұдан басқа, мұндай интеграция субрегионда әл-ауқатты неғұрлым әділ бөлу үшін қажетті экономиканы әртараптандыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Солтүстік және Орталық Азия елдері арасындағы саудаға осы елдердің экспорты көлемінің тек 8 пайызы ғана келеді, бұл Азия-Тынық мұхиты өңірінің басқа бөліктерімен салыстырғанда әлдеқайда қарапайым көрсеткіш болып табылады. Өңірдің экспорты көп бөлігі қосылған құны төмен тауарларға шоғырланған, ал өңір тартатын тікелей шетелдік инвестициялар табиғи ресурстарды пайдалануға бағытталған. Көптеген елдерде теңізге шығудың болмауы, әсіресе жоғары сауда шығындарына алып келеді, бұл бәсекеге қабілеттілікке елеулі түрде әсер етеді. Бұл қиындықтарды жеңу үшін материалдық және материалдық емес инфрақұрылым қажет.

Егер мәселені материалдық инфрақұрылымнан, атап айтқанда көлік инфрақұрылымынан қарастыруды бастаса, одан әрі дамыту үшін берік іргетас бар екендігі туралы айтуға болады. Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдайтын Азиялық автомобиль жолдары желісі бойынша бастама тиімді жұмыс істейтін жол инфрақұрылымын дамытуға, Еуропа мен Азия арасындағы көлік қатынасын дамытуға және теңіз жолдарына қол жеткізуді жақсартуға ықпал етті және ықпал етеді. "Құрғақ порттарға" АТМЭӘК тарапынан көрсетілетін қолдау теңіз жүктерін ел ішіндегі аудандарға, автомобиль немесе темір жол көлігімен тиімді тасымалдау үшін қажетті көлік-логистикалық жүйелерді жақсартуға алып келеді. Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай логистикалық терминалы, Ақтау, Баутино және Құрық теңіз порттары және Қытаймен шекарадағы "Қорғас-Шығыс қақпасы" құрғақ порты өңірлік интеграцияны тереңдетуге өз үлесін қосуда. Оған Орталық Азия мен Парсы шығанағы елдері арасында қатынасты қамтамасыз ететін және теңізге қажетті қолжетімділікті беретін жақында ашылған "Қазақстан–Түрікменстан–Иран" темір жол магистралінің жұмыс істеуіне да ықпал етеді.

Алайда, осы материалдық инфрақұрылымды толық көлемде пайдалану үшін бізге материалдық емес инфрақұрылымның элементтеріне де жіті назар аудару қажет. Біз саудаға және тікелей шетелдік инвестицияларға көрсетілетін тарифтік емес шаралардан және шығу тегінің шектеу ережелерінен бас тартуымыз қажет. АТМЭӘК ішкі аймақтық саудаға тарифтік емес шаралардың әсерін картаға түсіруді жүзеге асырады және осындай ықпалды төмендету бойынша үкіметтердің әлеуетін нығайтуға көмек көрсетеді. Сауда, транзит және инвестициялау рәсімдерін автоматтандыру жөніндегі шаралар да пайдалы болуы мүмкін. Солтүстік және Орталық Азия елдері арасындағы сауда деректері мен құжаттармен электрондық алмасу сауда шығындарын 25 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға қол жеткізу мүддесінде жақында Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі трансшекаралық қағазсыз сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының шарты келісілді. Солтүстік және Орталық Азия елдеріне келетін болсақ, осы шартқа қол қойып, оған Армения мен Әзірбайжан қосылды. Аймақтың басқа да елдері осы үлгіге сүйенетініне, соның арқасында шарттан барынша пайда табу мүмкін болатынына үміт артамын.

Солтүстік және Орталық Азия елдерінің тұрақты болашағы кем дегенде ішінара көлік инфрақұрылымына орнықты тәсілді қолдануға және сауда рәсімдерін оңайлатуға байланысты болады. Компаниялар жаңа нарықтарға шығып, жұмыс орындарын кеңейтіп, құруы үшін материалдық инфрақұрылым саласындағы қосымша жобаларға, дәйекті нормалар мен стандарттарға және үйлестірілген құқықтық базаларға қажеттілік бар. АТМЭӘК Еуразиялық экономикалық одақ және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы сияқты субөңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, осындай интеграцияны жүзеге асыру үшін қажетті үкіметаралық жұмысты қолдауға ниетті. Қазақстанның Еуразиялық континентте орналасуы оның осы Күн тәртібін жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін қолайлы мүмкіндіктері бар екенін білдіреді. Мен Қазақстан басшылығымен экономикалық интеграцияны тереңдетуге және 2030 жылға қарай тұрақты дамуға қол жеткізуге бағытталған бірлескен жұмысқа үлкен үміт артамын.

 

----------------------

Армида Салсия Алишахбан ханым Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының орынбасары және БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) атқарушы хатшысы болып келеді.

 


Баспасөз хабарламасы

28 мамыр
Бақыт пен амандық - бұл елдердің басты мақсаты
Толығырақ
27 мамыр
5G технологиясы жаңа серпін беріп, өндірісті түбегейлі реформалайды, деп есептейді Nokia Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаа
Толығырақ