Жаңалықтар

«Қазақстан және жаһандық әлем: сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» атты арнайы шолулық зерттеудің таныстырылымы

Шолуды «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ХІІ Астана экономикалық форумына орай дайындады. Құжаттың басты мақсаты әлемдегі халықаралық үрдістер мен трендтерді талдау, оларды Қазақстанның жағдайында пайдалану болып табылады. Қазіргі заманғы жағдайда біздің даму бағытымызды түсіну және халықаралық экономикалық конъюнктурамен тұрақты негізде сәйкестендірілу қажет.

Онымен қоса, Шолу ХІІ Астана экономикалық форумының негізгі тақырыптық бағыттарын ашуға мүмкіндік береді және іс-шара қатысушыларын аталған тақырыптарды талқылауға дайындайды. Аталған зерттеудің сарапшылармен дайындалғанын және ең алдымен сараптамалық қоғамдастыққа арналғанын және шолу сипатына ие болғанын, сәйкесінше, қортынды зерттеу болып табылмайтынын атап кеткен жөн.

Шолудың зияткерлік серіктестері Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры, Boston Consulting Group, PWC, Еуропалық және Азия даму банктері, сондай-ақ Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитет болып табылады.

Шолуда АЭФ-тың шетелдік қатысушыларының өз бағыттары бойынша берген пікірлері мен ұсыныстары көрсетілген: Нобель сыйлығының лауреаттары, беделді әлемдік экономистер мен саясаткерлер. Қазақстандық сараптама қоғамдастығына қызық болған сұрақтарға берілген жауаптар талдамалық шолудың күшті жақтарының бірі болып табылады.

Нақты айтқанда мынадай тұлғалар өз ұсыныстарын берді: Халықаралық валюта қорының Басқарушы директоры Кристин Лагард, Колумбия президенті (2010-2018), 2016 жылғы бейбітшілік Нобель сыйлығының лауреаты Хуан Мануэль Сантос, Колумбия Университеті Жер институтының директоры Джеффри Сакс, Ресей Сбербанкінің Президенті мен Басқарма төрағасы Герман Греф, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Армида Салсия Алишахбана және тағы басқалары.

Шолуда қазіргі заманғы әлемде бар негізгі сын-қатерлер анықталды:

  1. Халықаралық институттар рөлінің төмендеуі;
  2. Санкциялар және сауда соғыстары;
  3. Әлемдік экономикадағы өзгермелі протекционизм;
  4. Жаңа «қаржы көпіршіктерінің» сын-қатерлері;
  5. Мемлекеттік борыштың өсуі;
  6. Өсу полюстерінің ауысуы;
  7. Технологиялық жарыс;
  8. Климаттың жаһандық өзгеруінің сын-қатерлері;
  9. Жаһандық теңсіздік

Қазақстан үшін негізгі мүмкіндіктер қосымша берілген:

  1. Қазақстандағы адами капитал және демографиялық сын-қатерлер;
  2. Төртінші өнеркәсіптік революция: ертенгі күннің технологиялары;
  3. Зияткерлік урбандалу: ертеңгі күн қалаларының тұжырымдамалары;
  4. Тұрақты дамуға арналған инклюзивтік экономикалық өсу;
  5. Жаңа энергия көздері;
  6. Инвестициялық тартымдылық нүктелері.

Жалпы, осындай ауқымды зерттеуді жүргізу осы жылғы форумның жаңалығы және ерекшелігі болып табылады. Біз ХІІ Астана экономикалық форумы өзінің мазмұндық бөлігімен, нақты ұсынымдардың, тетіктердің және құралдардың көптігімен ерекшеленеді деп сенеміз. Ең алдымен берілген ұсынымдар қазақстандық жағдайларға бейімделген және осы жағдайда пайдалануға арналған болады.

 

 

 

 

Шолуды Жүктеу


Баспасөз хабарламасы

22 мамыр
АЭФ аясында тұрақты даму мақсаттары бойынша бірінші Қазақстандық форум өтті
Толығырақ
22 мамыр
Қазақстан Кореяға ЖЭК-тің бас жеткізушісі бола алады
Толығырақ